ҚазҰПУ-да педагогикалық білім беруді дамыту мәселелері талқыланды
Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестіктің - Жобаларды басқару тобының кеңейтілген отырысы өтті деп хабарлады turkystan.kz.
Іс-шараға офлайн және онлайн режимінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, еліміздің 49 жоғары оқу орны, стейкхолдерлер қатысты.
Жиын барысында ҚазҰПУ-да әзірленген педагогикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы, Қазақстанда шахматты дамыту тұжырымдамасы, «ҚР-да педагогикалық білім беруді нығайту» жобасы аясында 30 білім беру бағдарламасын әзірлеу жобасын іске асыру туралы мәселе талқыланды.
Сондай-ақ «Мұғалім» қоғамдық бірлестігінің ұсыныстары, Teach for Qazaqstan білім беру бастамасын іске асырудың мүмкіндіктері мен шектеулері, «Педагог» кәсіби стандарты бойынша ұсыныстар және «ЖОО оқытушысы» мамандық карточкасының жобасы, педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері турасында баяндамалар тыңдалды.
Дархан Біләлов педагогикалық білім беруді дамытудың, оның ішінде басым бағыттарын қамтитын тұжырымдама жобасының тұсаукесерін өткізді.
Басқа да өзекті тақырыптар бойынша Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов, «Мұғалім» қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Арафат Нұрлақов баяндама жасады. Олар Қазақстандағы шахматты дамыту тұжырымдамасына кеңінен тоқталып, «Мұғалім» ҚБ-ның педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша ұсыныстарын айтты.
Жоғары оқу орындарының өкілдері тұжырымдаманың идеяларын қолдап, спикерлердің ойлары мен ұсыныстары бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты.
14.11.2022 ж.
Ақпарат көзі: turkystan.kz.