қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.11.2022

«Біз біргеміз» әлеуметтік терапиясы

 

2022 жылғы 16 қарашада «Мейірім» клубының әлеуметтік-педагогикалық бағыты бойынша қауымдастырылған профессор Г. К. Ширинбаеваның жетекшілігімен «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3-ші курс ерікті студенттері Ж. Құлтаев, Г.Төлеген, Э. Серік Алматы қаласындағы «ЕРЗИ» әлеуметтік-оңалту орталығының мүмкіндіктері шектеулі адамдарына арналған «Біз біргеміз» әлеуметтік терапиясын өткізді.


Еріктілердің әлеуметтік-педагогикалық жұмысы мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік ортаға қосу, оның әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Әлеуметтік терапия әдістерін жүзеге асырудың негізі - бұл мүгедек жандардың шағын топтарында әлеуметтік-педагогикалық жұмыс бойынша еріктілер құратын мекемедегі терапевтік орта болып табылады. Іс-шара барысында ерікті студенттер психо-түзету ерекшеліктері бар әлеуметтік арт-терапия әдістерін қолданды: «Болашаққа жолдама» музыкалық терапиясы, «Өзі туралы 3 сөз» ойыны вокал-терапиясы, «Өлеңдер арнау» библио-терапиясы, «Қошемет» жаттығуы, «Ғажайып қорап», «Жүректен жүрекке» рефлексиясы. М.Мақатаевтың өлеңдерінде музыка мен әдеби шығармаларды арнайы таңдай отырып, еріктілер мүгедек жандардың тұлғасына әсер ететін, сондай-ақ оның эмоционалдық күйзелісін жеңілдететін арт-терапияны жүзеге асырды.


Осылайша, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс бойынша әлеуметтік арт-терапияны қолдану мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік дағдыларды, құндылық бағдарларын және жағымды эмоцияларды игеруге көмектеседі.


«Жүректен жүрекке» рефлексивті бөлігінде іс-шараға қатысушылар бір-біріне жылы тілектерін өздеріне берілген жүректерге жазу арқылы жағымды әсерлерімен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=