қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.11.2022

Ресей білім академиясының академигі М.П. Лапчикті еске алуға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция


2022 жылдың 18 қарашасында Информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасы Ресей білім академиясының академигі М.П. Лапчикті еске алуға арналған Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.


Конференцияға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі Н.Т.Ошанова, АКТ халықаралық ғылыми зертханасының меңгерушісі Е.Ы.Бидайбеков, профессор А.Е.Сағымбаева, профессор Г.Б. Камалова, профессор м.а. С.Н.Конева, аға оқытушылар: PhD И.Салғожа, PhD М.Ревшенова, Н.А.Құрманғалиева, Г.С.Арынова, Е.Х.Жабаев, А.Амангелдин және кафедра докторанттары қатысты.


Конференцияның пленарлық отырысында профессор, Ресей Білім және ғылым академиясының академигі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің АКТ халықаралық ғылыми зертханасының меңгерушісі Е.Ы.Бидайбеков «Қазақстан Республикасындағы мектеп информатикасының мазмұнын дамытудың негізгі тенденциялары» тақырыбында баяндама жасады.

 

  alt=  

 

  alt=