қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.11.2022

«Ахмет Байтұрсынов - қазақ жазуының реформаторы» дәрісі

2022 жылғы 17 қараша Филология институтының академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 1 курс студерттеріне туған елінің дамуына зор үлес қосқан қазақ халқының тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі - Ахмет Байтұрсынұлына арналған танымдық іс-шара өткізілді.

 

Отансүйгіштік пен адамгершілік, кемеңгер ақыл мен терең білім оны өз дәуірінің ең белсенді адамдарының қатарына қосты, ақын, ұстаз-ғалым, публицист және аудармашы, қоғам және мемлекет қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі болды. Бірінші курс студенттері бұл туралы толығырақ «Ахмет Байтұрсынов - қазақ жазуының реформаторы» тақырыбындағы дәріс барысында білді.


Дәріс барысында Мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры Б.С. Қапалбек «Ұлттық рухтың ұлы тілі» , ф.ғ.д.,профессор Қ.С. Қалыбаева «А.Байтұрсынұлы - қазақ жазуының реформаторы», ф.ғ.к., доцент Е.М. Молдасанов «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі» тақырыптарында ой қозғап, тың ақпараттармен таныстырды. Студенттердің сұрақтарына жауаптар берілді.