қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.11.2022

Бастауыш сынып оқушыларына арналған өлкетану математикалық есептерінің III Халықаралық студенттік байқауы

 

Педагогика және психология институты Бастауыш білім беру кафедрасы бастауыш сынып оқушыларына арналған өлкетану математикалық есептерінің III Халықаралық студенттік байқауын өткізді. Байқау қашықтан өткізілді. Ол 2022 жылдың 10 казанында жарияланды.


Байқауға ұсынылатын жұмыстар 2022 жылдың 1 қарашанына дейін қабылданды. 12 қараша күні байқау қорытындысы шығарылып, нәтижесі хабарланды және байқау жеңімпаздарына дипломдары жіберілді. Байқауға Қазақстан мен Ресейдің 11 ЖОО мен колледжінен 90 адам (62 өтініш) қатысты. Студенттер туған өлкесінің тарихи, мәдени, табиғи-климаттық, географиялық, әлеуметтік-зкономикалық ерекшеліктерін қамтитын өлкетану материалдарынан тұратын есептер құрастырды.


Байқаудың шарты - бастауыш сынып математикасының мектептік бағдарламасына сай математикалық мазмұнды есептер құрастыру. Есептерді студенттердің өздері құрастырулары қажет. Қатысушылар түрлеріне байланысты есептердің шешулерін түсіндірмесі бар амалдар бойынша, теңдеулер құру арқылы, сызба, сұлба, т.б. қолдана отырып рәсімдеулері тиіс.

Байқаудың халықаралық әділ қазылар алқасының құрамында педагогикалық ЖОО оқытушыларымен бірге мектеп мұғалімдері мен «Бастауыш білім беру» мамандығының магистрантттары да болды. Байқауды ұйымдастырушылар комитеті белсенді қатысып, жұмысты бағалауға қатысқандары үшін әділ қазылар алқасы мүшелеріне алғыс білдіреді.


1. Романова М.А. - психол .ғ. д., п.ғ. к., МҚПУ оқыту әдістемесі департаментінің профессоры (Мәскеу қ.);

2. Давоян Ирина Левоновна - МҚПУ оқыту әдістемесі департаментінің аспиранты (Мәскеу қ.);

3. Калинченко Анна Викторовна - п.ғ. к., МҚПУ оқыту әдістемесі департаментінің доценті (Мәскеу қ.);

4. Матвеева Валентина Александровна - "Сахалинск мемлекеттік университеті" ФМББМ ЖБ математика кафедрасының аға оқытушысы ( Ю́жно-Сахали́нск қ.);

5. Пунчик Вероника Николаевна - "Жоғары мектеп Республикалық институты" МБК, жастар саясаты мен әлеуметтік коммуникация кафедрасыны доценті (Минск қ.);

6. Акпаева А.Б. - п. ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ, бастауыш білім беру кафедрасы (Алматы қ.);

7. Лебедева Л.А. - п. ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ, бастауыш білім беру кафедрасы (Алматы қ.);

8. Агеева Л.Е - п.ғ.к., ҚазҚызМемПУ, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының қауымд. профессор міндетін атқарушы (Алматы қ.);

9. Астамбаева Ж.К. - PhD, Абай атындағы ҚазҰПУ, бастауыш білім беру кафедрасы (Алматы қ.);

10. Рябова Е.В. - п.ғ.м., Абай атындағы ҚазҰПУ, бастауыш білім беру кафедрасы (Алматы қ.);

11. Базарбекова Р. Ж. - п. ғ.к., аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ, бастауыш білім беру кафедрасы (Алматы қ.);

12. Джанкенова А.К. - бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы, Алматы облысы Карасай ауданы Бекболат ауылы, 1 Мамыр ОМ;

13. Ергеш Н.К. - бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, №185 ОМ КММ, .Алматы қ.;

14. Тойлыбаева У.Ш. - бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы, №146 мектеп-лицейі, Алматы қ.;

15. Бакбаева А. - бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы, Алматы облысы Ы.Алтынсарин атындағы ОМ.


Айта кету керек, бұл байқау ортақ қызығушылығы бар педагогтар мен студенттерді біріктіретін аталмыш байқаудың төмендегілерге себепкер болатынын атап өту қажет:


- студенттердің туған өлке салт-дәстүрлеріне, мәдениеті мен тарихына деген қызығушылықтарын арттыру;


- өлкетану есептерін құрастыру барысында студенттердің зерттеушілік, өлкетанымдық, этнографиялық әрекеттерін дамыту.


- олардың өз еліне деген патриоттық қатынасын, оның тарихи және мәдени мұраларға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.


- математикаға икемділіктері мен қабілеттері бар студенттерді анықтау, дамыту және қолдау көрсету.


- студенттердің оқу-әдістемелік әрекетке деген мотивациясы.