қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.11.2022

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті делегациясының кездесуі

 

2022 жылғы 25 қарашада оқыту, тестілеу және цифрландыру тәжірибесімен алмасу мақсатында Абай университетіне Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен делегация келді.


Кездесуге Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен Халықаралық ынтымақтастық депертаментінің директоры Майра Алдиярова, Ақпараттық технологиялар және цифрландыру депертаментінің директоры Аслан Құрманбаев, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Әділбек Бертүлеев, Ғылым және инновация бөлімінің басшысы Жанар Сартабанова және ғылыми кітапхана әдіскері Айдана Ізтілеуова қатысты.

Кездесу барысында академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қызметіне кеңінен тоқталып, қонақтарға табыс тіледі.Білім беруді цифрландыру департаментінің директоры Тимур Серікбаев өз бөлімшесінің бүкіл университет игілігі үшін атқарып жатқан жұмысы туралы қысқаша айтып өтті, Тестілеу орталығының жетекшісі Даража Исабаева білім алушылардың білімін бағалау бойынша өзінің практикалық ұсыныстарымен бөлісті. Сондай-ақ университеттер алдағы бірлескен жұмыс жоспарларымен алмасты.


Іc-шара барысында ең заманауи құрал-жабдықтармен және қажетті материалдармен жабдықталған Абай студенттер орталығына, университет мұражайына, Ғылыми кітапханаға, Өнер, мәдениет және спорт институтына экскурсия ұйымдастырылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=


Қоғаммен байланыс департаменті