қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.11.2022

«Эко-Біз» экологиялық сенбілік


2022 жылғы 26 қарашада «Мейірім» клубының экологиялық бағыты бойынша «Экоклуб» жобасы аясында қауымдастырылған профессор Г. К. Ширинбаеваның жетекшілігімен «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3-ші курс ерікті студенттері Г. Дүйсенбекова, А. Нұран, Е. Оразәлі, А. Карпыкова «Эко-біз» атты экологиялық сенбілігін өткізді.


Іс-шара Педагогика және психология институтының №8 жатақханасында студент жастармен кездесуден басталды. Алдымен еріктілер адамның экологиялық және рухани-адамгершілік дамуы туралы өзекті тақырыптарда әңгімелер жүргізді. Сенбіліктің көмегімен өткізілген экологиялық ағартушылық білім тәрбиедегі маңызды моральдық аспект болып табылады, өйткені сенбілік тек аумақты тазарту ғана емес, сонымен бірге өз іс - әрекеттерінің моральдық нәтижелерін болжауға ықпал ететін риясыз қызмет. Осындай жақсы ниетпен бұлтты ауа-райына қарамастан, ерікті-студенттері Г.Амангелді, М. Әбенова, Ж. Базарбек, А. Ахметов, А. Айсариева, Д. Алдангарова, Е. Хабдулхамитов, А. Сайнов, Ж. Төлепберген, Э. Серік, Г.Төлеген ерікті негізде сенбілікке шықты. Барлық ерікті студенттер көңілді әуенмен жағымды көңіл-күймен жатақхана ғимаратының аумақтарын тазалау бойынша сенбілік өткізді.


Сенбілік соңында ұйымдастырушылар оның барлық қатысушыларына ыстық шай мен дәмді тәттілер берді, сондай-ақ ерікті-студенттердің экологиялық идеяларын насихаттау жұмысын тұрақты жалғастыру бойынша ұсыныстар қабылдады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=