қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.12.2022

ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция


 
2022 жылдың 29-30 қараша күндері Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының ұйымдастыруымен профессор Ж.Ә.Шоқыбаевтың, профессор Ә.Ф.Сейтжановтың 80 - жылдық және профессор Н.К.Ахметовтың 70 - жылдық мерейтойына арналған «Химия ғылымы мен химиялық білім берудің заманауи аспектілері: теориясы және практикасы» тақырыбындағы ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға Польша, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінен келген шетелдік ғалым-профессорлар қатысты.
 
Ашылу салтанатын Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Мақтағали Бектемесов алғы сөзбен бастап, конференция қатысушылары мен қонақтарға сәттілік тіледі. Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков мерейтой иелеріне құттықтау лебізін білдірді. Университет басшылығы мерейтой иелеріне Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләловтың құттықтау хатын табыстап, Жеңіс Шоқыбаевқа «Айрықша еңбегі үшін» және Әзімхан Сейтжановқа «Үздік ұстаз» төсбелгілерін тағып, ұлттық шапан кигізіп, гүл шоқтарын ұсынды.
 
Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова конференцияның отандық және шетелдік қонақтарымен таныстырды. Күләш Каймулдинова профессорлар Ж.Ә.Шоқыбаевтың, Ә.Ф. Сейтжановтың, Н.К.Ахметовтың еңбек жолдары туралы библиографиялық шолу жасады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессорлары Қуанышбек Мусабеков, Құрманғали Бекишев, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессорлары Жұмаділ Шілдебаев, Талғат Увалиев, PhD докторлар Майматаева Асия, Думан Алиаскаров құттықтау сөз сөйледі.
 
Конференцияда Жеңіс Шоқыбаевтың «Химия» жаңа оқулығының тұсаукесері болды. Жаңа кітаптың қызыл лентасын салтанатты түрде шетелдік қонақтар Юзеф Хапонюк және Миркозимжон Нишонов қиды.
 
Пленарлық отырыста баяндама жасағандар:
1. «Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі» профессор Юлия Гавронская, Герцен атындағы Ресей мемлкеттік педагогокалық университеті, Санкт-Петербург қ., Ресей;
2. «Bio-Based Polyurethane Networks Derived from Liquefied Sawdust» PhD Юзеф Хапонюк, Гданьск технологиялық университеті, Польша;
3. «Химия пәнін оқыту процесінде оқушыларға білім беру» профессор Миркозимжон Нишонов, Фергана мемлекеттік университеті, Фергана қ., Өзбекстан;
4. «Қашықтан оқыту жағдайында студенттерді критериалды бағалау» Бикамила Торсыкбаева, доцент, Астана медицина университеті, Астана қ.;
5. «Нейропедагогика оқытуды белсендірудің заманауи когнитивті әдісі: қағидалары және келешегі» Гүлжәмила Мейірова, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ;
6. «Перспективті комплекс түзуші иониттер» Несипхан Бектенов, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ.
 
Пленарлық отырыста спикерлер химия ғылымы мен химиялық білім берудегі қазіргі проблемалық мәселелерді көтеріп, осы салада қолданылатын әдістер мен тәсілдер туралы өз пікірлерін ортаға салды.

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=