қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.04.2017

Филология және көптілді білім беру институтында Наурыз тойланды


     2017 жылдың 15 сәуірінде Филология және көптілді білім беру институтында дәстүрлі Наурыз мейрамы тойланды. Биыл бұл мейрамды ұйымдастыруға орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы жауапты болды. 

     Дәстүр бойынша «Спартак» стадионында қазақи ауыл тұрғызылды. Әсем киіз үй, әр кафедраның шатыры астындағы дастархан, студенттерге арналған дастархан, ұлттық тағамдар қайнап жатқан қазандар, ән мен би - барлығы мерекелік көңіл күй сыйлады. Әртүрлі жастағы ҚазҰПУ ардагерлері, орта буындағы оқытушылар, докторанттар, магистранттар, студенттер мен балалар жылы, әрі жақын отбасылық атмосфераның пайда болуына септіктерін тигізді. Концерттік бағдарламаға түрлі жанрдағы көңілді, әрі шынайы балалар ансамблі қатысты.
    Университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ж.Е. Ішпекбаев, Институт директоры Б. Әбдіғазиұлы, кафедра меңгерушілері мен сыйлы қонақтар сөз сөйлеп, барлық жиналған қауымға жылы лебіздерін білдіріп, мейраммен құттықтады. Институттың студенттік деканаты костюмдендірілген шара ұйымдастырып, өз өнерлерін ортаға салды. Арқан тартысы ойынында жеңіске жеткен топ жаңкүйерлерді бір қуантып тастады. Ұйымдастырылған Наурыз мейрамы барлығының көңілінен шықты.

 Акын Акыныч
 

                                                   Бізде қонақта Ақын Ақыныч.
      Қонақтарға тосын сый ретінде шебер музыкант, алматылық танымал домбырашы Андрей Фендриков өнер көрсетуге шақырылды. Әлеуметтік желілерде Андрей Фендриков өз видеороликтерін Акын Акыныч атымен жариялайды. Абай атындағы ҚазҰПУ Наурыз мейрамында сол образын сомдады. «Не себепті биыл салқын көктем екенін білесіздер ме?! Себебі біз Наурыз туралы аз ән шырқадық!» - деген шешімін айтты жиналғандарға. Ақын мереке қонақтарына Наурызға арнаған жаңа туындысын шырқап, дәстүрлі «Бұл Акыныч. Барлықтарыңа домбра!» деген сөзімен аяқтады.


Наурыз тойлаймыз! Жанымыздан өтпеңіз,
Менің домбырам шаттыққа толы!
Наурызда барлығы шаттансын!
Наурызда барлығы қуансын!
Осы ұраны
Алматыда, Парижде,
Нью-Йорк пен Мәскеуде
Біздерді жақындастырады
Әлемнің бар түкпірінде.