қазақша · русский · english
   
27.03.2020

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» дәрісі

 

2020 жылғы 27 наурызда «Sanaly Urpaq» республикалық жобалау кеңсесінің басшысы Қайыржан Токушевтің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында онлайн-дәрісі өтті. Дәріске республика бойынша 50-ге жуық адам қатысты.

 

Онлайн форматындағы дәріске Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен бірінші проректор, әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі Мақтағали Бектемесов, «Парасат» орталығының директоры Қамбар Усипов және құрылымдық бөлім басшылары мен институт директорларының орынбасарлары қатысты.

 

Дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру бағыттары, мекемеде ішкі және сыртқы мониторинг қалай жүргізілетіні, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуын бақылаудың маңыздылығы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Қайыржан Токушев іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім




Кері оралу