қазақша · русский · english
   
05.05.2022

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» дөңгелек үстелi

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «SANALY URPAQ» жобасы аясында 2021-2022 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының 1.13 тармағына сәйкес, «Парасат жолы» орталықтары базасында студенттерді, профессор-оқытушылар құрамын, оқырмандарды кеңінен қамтитын іс-шаралар аясында 2022 жылғы 20 сәуірде университеттің Ғылыми кітапханасының oқу залында Математика, физика және информатика институтының студенттерімен бірлесе отырып, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Сонымен қатар «Адалдық, парасаттылық - адамдықтың белгісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс - шараға: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызметінің жетекшісі м.а. Серікбай Нұрғисаев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхамбетов, Ғылыми кітапхана директоры Нұргүл Имансыдықова, Математика, физика және информатика институты директорының м.а. Шерипидин Хамраев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасұлан Мұқашев, институт студенттері және кітапхана қызметкерлері қатысты. «Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» деген бейнеролик көрсетілді. Профессор Серікбай Нұрғисаев ғылыми кітапханаға кітаптарын сыйлады. Дөңгелек үстелге белсене қатысқан студент жастарымыз марапатталды. Келген қатысушылар өз ойларын бөлісіп, қызығушылықтарын танытып, үлкен әсер алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу