Халықаралық педагогикалық кездесу жұмысын жалғастыруда
2022 жылдың 10 желтоқсанында Халықаралық педагогикалық кездесудің кезекті отырысы болды. Педагогикалық кездесуге Алматы, Қонаев, Гродно, Бийск, Оңтүстік Сахалинск, Волгоград, Мәскеу, Пермь, Қоқан қалалары мен Арна ауылынан жоғары оқу орындары оқытушылары мен мұғалімдер қатысты. Бұл кездесуде мұғалімнің цифрлық көмекшілері туралы айтылды.
ВӘГПУ (Волгоград, Ресей) бастауыш білім беру педагогикасы және психологиясы кафедрасының аға оқытушысы Е.О.Козюлина «Цифрлық контент студенттерді желілік форматта практикалық даярлауды ұйымдастыру құралы ретінде» мәселесін көтерді. Педагог «Психология» пәні бойынша онлайн контент құру тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге тапсырмалар жасау алгоритмін көрсетті. Е.О.Козулина қатысушыларға жасалған баяндама бойынша сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындауды ұсынды.
Романова М.А. - пс.ғ.д., МҚПУ ПжПББ профессоры оқушыларға әртүрлі білім беру платформаларында тапсырмалар жасау туралы мәлімет берді. Ол өз сөзінде әр түрлі бұлтты сервистерде оқушыларға тапсырма әзірлеу кезінде жіберілуі мүмкін қателіктерге ерекше назар аударды. Сондай-ақ, тыңдаушылармен жұмыс барысында М.А.Романова қатысушыларға тапсырмалардағы қателіктерді табуды, оларды дұрыс тұжырымдауды ұсынды.
Кездесу барысында қатысушылар баяндамашыларға сұрақтар қойып, баяндаманың жекелеген сәттеріне қызығушылық танытты. Педагогикалық кездесу жұмысының соңына қарай модератор Е.В.Рябова қатысушыларға келесі кездесуде талқылағысы келетін заманауи білім беру мәселелерін көтеруді ұсынды.