қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.12.2022

«Заманауи арнайы білім берудегі дәстүрлер сабақтастығы» халықаралық конференциясы

 

2022 жылғы 9 желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ-да профессорлар Ж.И. Намазбаева және К.К.Өмірбекованың 80 жылдығына арналған «Заманауи арнайы білім берудегі дәстүрлер сабақтастығы» халықаралық конференциясы өтті.


Конференция барысында Қазақстан Республикасында арнайы білім берудің тарихи аспектілері, қалыптасуы мен қазіргі жағдайы, даму тенденциялары қарастырылды. Қазақстан, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Арменияның белгілі ғалымдары, жоғары оқу орындарының басшылары, оқытушылары докторанттары мен магистранттары, арнайы білім беру ұйымдарының мамандары арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудағы ғылыми зерттеулерімен және практикалық тәжірибелерімен алмасты.


Халықаралық конференция қорытындысы бойынша үздік баяндамалар Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы журналының «Арнайы педагогика» сериясының 2022 жылғы №4 және 2023 жылғы №1 басылымында жарияланады. Журналдың сайтына сілтеме: https://bulletin-special-pedagogy-kaznpu.kz/index.php/home.

 

  alt=  

 

  alt=