қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.12.2022

М. Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Заманауи педагогтың құзыреттілігі» байқауы


2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Заманауи педагогтың құзыреттілігі» институтаралық зияткерлік байқауы өтті. Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы және Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының «Qoldau» студенттік өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырды. Байқауда келесі институттар бақ сынады: Педагогика және психология; Математика, физика және информатика; Филология; Тарих және құқық; Өнер, мәдениет және спорт институты.

 

Зияткерлік сайыс үш кезеңнен тұрды, онда студенттердің педагогикалық дағдылары мен білімдері толық анықталды. Байқауға қатысқан әр топ Мұхтар Әуезовтің шығармаларын талқылап, қазіргі мұғалімнің қандай болуы керектігі туралы ой қозғады. Байқау қорытындысы бойынша I орынды «Абай бол» Педагогика және психология институтының («Абай бол» немесе «Сақ бол») тобы; II - Математика, физика және информатика институтының «Тізгін» («Поводья») тобы; ІІІ орынды Филология институтының «Жас жүректер» тобы иеленді.

 

Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=