қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.12.2022

Балабақша тәрбиешілеріне арналған оқу құралының тұсаукесері


2022 жылғы 12 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универсиетінің Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйым педагогтері, ата-аналар, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының студенттері мен магистранттарына арналған п.ғ.к., аға оқытушы Ұ.Б. Төлешова мен Б. Аувакирдің «Баламен ойна ... бізбен әлем өзгеше» оқу - әдістемелік құралының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Іс-шараға балабақша меңгерушілері, тәрбиешілер, студенттер, магистранттар мен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары қатысты.


Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұ.Қ. Қияқбаева білім беру саласының ең маңызды деңгейі - балабақшада, қазіргі таңдағы баланың интеллектуалды, әлеуметтік, эмоциялық, физиологиялық дамуына ойынның қаншалықты маңызды екенін атап өтті.


Педагогика және психологи институты директорының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары М.А. Абсатова, академиялық ұтқырлықпен келген Өзбекстан мемлекеті Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары Н.М.Хужаназарова,Н.Р. Абдуллаева және балабақшаның тәрбиеленушісі Тәуекел «Баламен ойна ... бізбен әлем өзгеше» оқу - әдістемелік құралының тұсауын кесті.

 

  alt=  

 

  alt=