Түлектер ассоцациясы Институт бітіруші түлектермен үнемі байланысып отырады. Институттың 2012-2013 оқу жылына арналған бітіруші түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету бойынша жылдық жұмыс жоспары бекітілген. Университет Ғылыми кеңесінің 29.05.2012ж. күнгі шешімімен (10 хаттама) Абай атындағы ҚазҰПУ бітіруші түлектері Ассоциациясының төрағасы болып тағайындалған Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор М.Б.Қасымбеков жетекшілік ететін Ассоциация өз қызметін жүйелі түрде жүргізіп келеді. Абай атындағы ҚазҰПУ бітіруші түлектері осы Ассоциацияның мүшесі болып табылады. Бүгінгі таңда Абай атындағы ҚазҰПУ бітіруші түлектері Ассоциацияның мүшесі болып табылатын Алматы облысы бойынша: Прокуратурада - 39 қызметкер, Кеден департаментінде - 53 қызметкер, Сотта - 48 қызметкер, ҚР Ішкі істер департаментінің Жол полициясында - 72 қызметкер, Қаржы полициясында - 16 қызметкер, ҚР Ішкі істер департаментінде - 336 қызметкерлер түрлі лауазымды қызметтер атқаруда.
|