қазақша · русский · english
 
 
 
07.06.2024

 

 

РhD дәрежесін алу үшін А.У. Сатыбалдиеваның диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 8D015-Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау (6D011600/8D01515 – География) және   8D052 – Қоршаған орта (6D060900/8D05203 – География) бағыттары бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін беру үшін құрылған Диссертациялық кеңесте «6D011600 – География» мамандығы бойынша ізденуші Сатыбалдиева Айжан Усеновнаның «Жалпы білім беретін мектептерде мәдениет географиясын оқытудың әдістемелік негіздері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы қорғалады.

Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

Қорғау түрі – диссертация. Қорғау – қазақ тілінде.

 

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:

Каймулдинова Куляш Дуйсенбаевна – география ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан);

Емин Атасой – география ғылымдарының докторы, профессор, Бурса Улудаг университеті (Бурса, Түркия).

 

РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Саипов Абдимажит Аманжолович педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана, Қазақстан);

Токпанов Еркин Айпович ‒ география ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (Талдықорған, Қазақстан).

 

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ УАҚЫТША МҮШЕЛЕРІ:

Мазбаев Орденбек Блисбекович ‒ география ғылымдарының докторы, профессор, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Жаратылыстану-математика бағыты пәндері және Stem технологиясы зертханасы (Астана, Қазақстан);

Токбергенова Айгуль Абдугаппаровна география ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан);

Тлеубергенова Кенжекей Ахметвалиевна педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан);

Csapó János – география ғылымдарының докторы, профессор, Печ университеті, Бизнес және экономика факультеті, Маркетинг және туризм бөлімі (Печ, Венгрия).

 

Қорғау 2024 жылы 9 шілде сағат 15.00-де Абай атындағы Қазақ үлттық педагогикалық университетінде өтеді.

Мекен – жайы: 050010, Алматы қ., Достық даңғылы, 13.  Бас оқу ғимараты (3 қабат, 320 кабинет)  Сайт: https://abaiuniversity.edu.kz/

 

Zoom: https://zoom.us/j/98245698617?pwd=NPIyD0MXYDKLvmgSBvlFmfg5Ct1GbR.1

Идентификатор: 982 4569 8617 Код: 047004

YouTube https://www.youtube.com/@abaiuniversity1928

 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері   

Ресми рецензенттер   

Этикалық комиссия қорытындысы   

Аңдатпа   

Ғылыми жарияланымдар тізімі   

Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба   

Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бұйрық

 

 

 




Кері оралу