қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.12.2022

35 білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредитациясы


2022 жылғы 12-14 қазан және 7-9 желтоқсан аралығында педагогика және психология (17 ББ), жаратылыстану және география (9 ББ), филология (4 ББ), өнер, мәдениет және спорт (5 ББ) институттарының 35 білім беру бағдарламалары (ББ) Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінде (АРТА) халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Аккредиттеу кеңесінің шешімімен университеттің барлық 35 білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге аккредиттеуден өтті.


Университет ұжымын халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс, жаңа жеңістер тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Институционалдық тиімділік кеңсесі