қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.12.2022

Экология бойынша авторлық курс

 

2022 жылдың 12-23 желтоқсаны аралығында Астана қаласындағы Ғылыми-технологиялық даму офисінің, ҒТК мен халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының «Жасыл көпір» институтының басшысы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы жанындағы Экология бөлімінің төрағасы, ҚР ҰИА академигі, орнықты даму мәселелері жөніндегі жетекші спикер Гүлбазар Медиева Жаратылыстану және география институтының оқытушыларына, докторанттары мен магистранттарына «Әлемдегі және Қазақстандағы экологиялық саясат: негіздері мен болашағы» тақырыбы бойынша авторлық курсын және халықаралық ғылыми жобаларға құжаттама дайындау бойынша шеберлік сағатын өткізді.


Дәріс барысында жасыл экономикаға көшудің өзекті мәселелері: экологиялық саясат негіздері; экономикалық саясаттың халықаралық стратегиялары мен құжаттары; айналмалы экономика; жаңартылатын энергия көздерін дамыту; климаттың өзгеруі және онымен халықаралық деңгейде күресу; Қазақстандағы климаттың өзгеруі, оның себептері мен реттеу әдістері; ең жақсы қолжетімді техникалар және оларды іске асыру, сондай-ақ әлемде және Қазақстанда төмен көміртекті даму стратегиялары көтерілді.

 

  alt=