қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.02.2014

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

 


 

 

Құрметті әріптестер!

 

2014 жылғы 10 сәуір күні М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өтетін «Жер және аспан денелерін зерттеудің жетістіктері мен келешегі: «іргелі, қолданбалы және ғылыми-әдістемелік аспектілер» (СҚМУ астрономиялық зерттеулерінің 25 жылдығына арналған) тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуларыңызды сұраймыз.

 

Конференция жұмысын келесі бағыттар бойынша өткізу жоспарланып отыр:

 

 1. Күн жүйесі мен алыс ғарыштың астрофизикалық зерттеулері

2. Күміс тәріздес бұлттар мен жер жанындағы ғарыштық кеңістік зерттеулері

3. ЖҚББ әдістерін қолданудың тәжірибелік аспектілері

4. Ғарыш пен плазма физикасын зерттеудегі ақпараттық технологиялар

5. Физика-математикалық зерттеулер және олардың нәтижелерін оқу үдерісінде қолдану

 

Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу үшін өтініш, баяндама мәтінін (ұсынылған талаптарға сәйкес ресімделген) және конференцияның ұйымдастыру мен баспаға шығару шығынын өтейтін тіркеу жарнасын (3000 теңге көлемінде) жіберу қажет. ТМД және РФ қатысушылары үшін төлемақы көлемі төлем жүргізу сәтіне ХҚВ курсына сәйкес 700 рубльді құрайды. Баяндамалар 2014 жылдың 1 сәуірге дейін электронды түрде ұсынылуы керек. Конференция материалдары бойынша еңбектер жинағы шығарылады.

Ұйымдастыру жарнасын төлем құжатында «Ф.И.О, «Жер және аспан денелерін зерттеудің жетістіктері мен келешегі» деп көрсете отырып,  келесі реквизиттерге Петропавл қаласындағы «ЦентрКредит Банкі» АҚ ЖСК KZ 938560000000013451, БСК KCJBKZKX, код 16, төлемге арналған код 859, аударуды өтінеміз.

Іссапар шығыны қатысушылар есебінен.

Материалдарды жолдайтын мекен-жай:

150000, Қазақстан Республикасы, Петропавл қ.,  Пушкин көшесі 86, СҚМУ, Астрофизикалық зертту орталығы.

e-mail: petropavl.konf.2014@gmail.com (1-4 бағыттарға), min_1_fit@mail.ru (5 бағытқа)

Тeлефон: +7 7152     36-42-59, 49-40-42 (доп. 10-60)

 

Хабарламаның немесе баяндаманың мәтіні А 4 форматында орындалуға тиіс, көлемі толық 5 беттен аспауы керек, Word редакторында, "Times New Roman" 12 қарпімен, 1.0 интервал парақ енімен түзілген, жиек барлық жақтан 25 мм, ӘОЖ көрсетілуі керек.

Конференцияның еңбектер жинағы тура көшіру әдісімен теріледі. Сондықтан, сіздің назарыңызды мақала-баяндаманың жоғарыда көрсетілген талаптардың толық сақтала отырып мұқият редакцияланған күйде ұсыну керектігіне аударамыз. Ғылыми атағы жоқ авторлардың мақалаларына ғылым докторының немесе кандидатының пікірін қосып жіберу қажет.

Көрсетілген уақыттан кеш ұсынылған немесе талапқа сай ресімделмеген материалдар қарастырылмайды және авторларына кері қайтарылмайды.

Ұйымдастыру комитеті

 

 

 

 

Мақала немесе баяндаманы рәсімдеу белгісі

   
 

УДК 691.33

 

БІЛІМДІ БАҚЫЛАУДЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ РЕЙТИНГТІК ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША

 

 

Әбілева Б.Т., Сыздықова Д.С.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

 

 

Мақаланың негізгі мәтіні.

 

Әдебиеттер:

  1. Бәйтенов М.С. Сирек өсімдіктер әлемінде. Алматы: изд. Кайнар, 1985.
  2. Вилков В.С., Гайдин С.Г.,  Губин С.В., Зубань И.А., Красников А.В.  Результаты мониторинга гусеобразных птиц в Северо-Казахстанской области весной 2011 г//Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары «Тәуелсіз Қазақстан және академик М.Қозыбаевтың ғылыми мұрасы. - Петропавл, 2011. - 54-59 б.
  3. Баекенова М.К. и др. Экологические проблемы аграрного сектора экономики Казахстана // Научно-прикладные исследования в области охраны окружающей среды. - Алматы, 2006. - С. 59-67.
  4. «Охрана окружающей среды и устойчивое развитие Казахстана. Статистический сборник АРКС Астана, 2009.

 

 
 
 

Конференцияға қатысуға өтініш

 

Тегі_______________________ Аты­­­­­­­___________ Әкесінің аты_______________________

Ұйым, лауазымы______________________________________________________________

Ғылыми атағы, дәрежесі_______________________________________________________

Мекен-жайы (толық)__________________________________________________________

Автордың телефоны (үйінің, қызмет орнының)____________________________________

Автордың электронды адресі___________________________________________________

Баяндама тақырыбы___________________________________________________________

Секция (нөмірі мен атауын көрсету)_____________________________________________

Ұйымдастыру жарнасы (төлем құжатының №, келген соң)_________________________

Қонақүйден нөмірге тапсырыс беру қажеттігі_________________________________

Айы-күні________________________________________ Қолы_______________________