қазақша · русский · english
   
 Баймбетова Гүлзада Айтжанқызы
ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасының жетекшісі
Физика-математика ғылымдарының кандидаты
Қазыбек би 30; 211-каб.
 +7(727)-291-10-22
upn_kaznpu@mail.ru


Ғылыми кадрларды даярлау басқармасы «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің» КЕАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.


Мақсаты: зерттеу университетіне трансформациялау процесінде магистрлерді, философия докторларын (PhD) даярлау деңгейіне қойылатын міндетті талаптарды сақтай отырып, ғылыми зерттеулер мен білім беру сапасын жақсарту саласындағы саясатты жүзеге асыру.


Ғылыми кадрларды даярлау басқармасының функциялары
1. Университеттің Диссертациялық кеңестерінің қызметін үйлестіру.
1.1 Диссертациялық кеңестердің ғылыми семинарларын өткізуді үйлестіру және бақылау.
1.2 Этикалық комиссияның қызметін ұйымдастыру және үйлестіру.
2. Жас ғалымдар кеңесінің қызметін үйлестіру.
3. Магистранттар мен докторанттардың оқу және ғылыми жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау.
3.1 Магистратура мен PhD докторантураның оқу және ғылыми жұмысын реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу.
3.2 Магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамасы мен академиялық ұтқырлығы бойынша жұмысты үйлестіру.
3.3 Магистрлік және докторлық диссертациялардың тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін (кеңесшілерін) бекіту.
3.4 Университеттің PhD докторанттарына Web of Science, Scopus, РҒДИ және т. б. ақпараттық базалармен жұмыс жасау бойынша әдістемелік көмек көрсету.
3.5 Белгіленген мерзімде докторлық диссертацияларын қорғамаған PhD докторантура түлектеріне мониторинг жасау.
3.6 Магистратураға, PhD докторантураға қабылдау үшін маркетинг бойынша іс-шаралар өткізу.
3.7 Әлеуметтік әріптестікті дамыту және кәсіптік практика базаларын кеңейту жөніндегі қызметті үйлестіру.