|
| |
Ғылыми-зерттеу жобалар мониторингі мен мониторингтеу бағытының негізгі міндеттері: - университеттің ПОҚ мен қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғылыми-зерттеу жобаларының орындалуына мониторинг жүргізу, ҒЗЖ-ның барлық бағыттары бойынша есептік құжаттарды толтыру; - ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ЖОО-мен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеу; - жоғары оқу мекемелерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу; - ғылыми зерттеу мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар ұйымдастыруға қатысу; - сапа менеджменті жүйесіне қажетті ғылыми-зерттеу жұмыстары үдерісіне мониторинг жүргізу.
Ғылыми-зерттеу жобалар мониторингі мен мониторингтеу бағытының қызметі: - ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларына мониторинг, жобалар мен зерттеулердің орындалуына талдау, университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесіне жалпылау жүргізу; - ҚР БҒМ, ҒТЗ ҰО, халықаралық рейтингілі агенттер талабын ескере отырып, университетте ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттің жүзеге асырылуы бойынша нұсқаулық дайындау; - мемлекеттік, салалық және республикалық стандарттар, нормалар мен тәртіптер және басқа нормативтік құжаттардың қолданыстағы нұсқаулығы негізінде ҒЗЖ-ның құжаттарына нормабақылауды жүзеге асыру; - ҒЗЖ тақырыптары бойынша ғылыми есептерді толтыруға әдістемелік жәрдем жасау; - нормативтік құжаттарды пайдалану бойынша кеңес беру және оны ұйымдастыру; - есеп беру үшін материалдар дайындау; - ғылыми жетістіктер көрмесі үшін материалдар дайындау; - жоғары оқу орындарының инновациялық тәжірибелерін зерделеу; - ғылым мен жоғары білім мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар ұйымдастыруға қатысу; - ҚР БҒМ, ҒТЗ ҰО, халықаралық рейтингілі агенттер, шетелдік ЖОО-лар ұйымдастыратын отырыстар мен жиындарға қатысу; - консалтингтік қызмет көрсету.
|