Негізгі бет
Жаңалықтар
25.01.2023 Педагогика және психология институтында ауыл мектептерінің білім беру сапасының мәселелері талқыланды
Педагогика және психология институты Онлайн-дәрісхана аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, академик, педагогика ғылымдарының докторы Асқарбек Кусаиновтың «Ауыл мектептерінің білім сапасын көтерудің ғылыми- практикалық негіздері» тақырыбындағы дәрісін ұйымдастырды. Дәрісте жалпы Қазақстандағы білім беру сапасы мәселелері, сондай-ақ ауыл мектептерінің білім беру сапасын арттырудың кейбір жолдары қарастырылды. Қазақстан Республикасындағы салыстырмалы педагогиканың негізін қалаушы ғалым А.К. Кусаинов кездесу барысында оқулықтану мәселесіне қатысты өзіндік көзқарасын білдіріп, өзінің жаңадан жарық көрген оқулықтарымен таныстырды. Онлайн-дәрісханада қатысушылар мұғалімнен аса үлкен даярлықты қажет ететін шағын комплектілі мектептер мәселесіне де назар аударды.
Кездесу соңында институт директоры Г.А. Абаева Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - ректор Д.Н. Біләловтың атынан алғыс сөз сөйлеп, дәріскерге алғыс хат табыс етті. Іс-шара модераторы, институттың ғылым жөніндегі директор орынбасары М.А. Абсатова дәріс жұмысын қорытындылап, білім берудің өзекті мәселелері бойынша дәрістер оқу жалғасын табатынын атап өтті.
|