қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.02.2023

Өнер, мәдениет және спорт институтында «Мотивацияны басқару» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді

 

2023 жылғы 14 ақпанда «Психологиялық қызмет» секторының психологтары «Шың» театрының студенттері және Өнер, мәдениет және спорт институтының белсенділерімен «Мотивацияны басқару» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

 

Психологиялық тренингтің мақсаты студенттердің мотивация деңгейін арттыруға, олардың мотиваторлары қандай болуы мүмкін екенін түсінуге және олардың әрқайсысын не ынталандыратынын анықтауға, сондай-ақ студенттердің бойына жиналған стресстерден арылуға бағытталды.

 

Тренинг топтағы жағымды атмосфераны қалыптастыруға бағытталған «Айдаһар, Самурай және Қыз» жаттығуынан бастау алды. Негізгі бөлімде болашаққа мақсат қою дағдыларын игеруге бағытталған «Айна» жаттығуы өткізілді. Тренинг соңында жағымсыз сезімдерден арылу үшін «Сілкін» рефлексиялық ойыны өткізілді.

 

Тренингтің қатысушылары барлық жаттығуларды орындауға белсенді және қызығушылықпен қатысты. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға берілген жауаптарға қанағаттанды.

 

  alt=  

 

  alt=