қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.02.2023

«Ата-анам және мен - біз бақытты отбасы» спорттық іс-шарасы

 

2023 жылдың 18-19 ақпанында «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ инфрақұрылымды дамыту департаментінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен «Спартак» стадионының оқу - спорт кешенінде университетіміздің 95 жылдығына арналған «Ата-анам және мен - біз бақытты отбасы» атты спорттық іс-шара өтті. Басқарма төрағасы-ректор Дархан Нұрланұлы Билялов іс - шараның салтанатты түрде ашылуымен құттықтап, спорттық іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

 

Әкімшілік және қаржы қызметі жөніндегі проректор Клара Исакова және «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ қызметкерлерінің «Жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ өкілді органы Мұхтар Ибраймовтың ұйымдастыруымен спорттық, ойын-сауық бағдарламалары әзірленді. Әрқайсысы бес адамнан тұратын 10 команда өз отбасы мүшелерімен бірге әртүрлі спорт түрлерінде бақ сынап көрді.

 

Іс-шара барысында басты сахнада студенттік ұжыммен музыкалық концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

Ұйымдастырушылармен дайындалған тосынсыйлар барлық қатысушыларға, қазылар алқасы, шақырылған қонақтарға, балалар мен ересектерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздарға, сондай-ақ әр номинацияға - «Ең спорттық отбасы», «Ең үлгілі отбасы», «Ең белсенді отбасы», «Ең тату отбасы», «Ең жылдам отбасы», «Ең креативті отбасы» және т.б. номинациялар бойынша барлық командаларға марапаттар, ақшалай сертификаттар мен дипломдар табыс етілді.

 

Кез келген ұжымның тиімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын командалық рухтың маңыздылығын ескере отырып, қызметкерлермен және олардың отбасы мүшелерімен «Ата-анам және мен - біз бақытты отбасы» атты бұқаралық спорттық іс-шарасын тұрақты негізде өткізу ұсынылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=