қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.02.2023

Педагогика және психология институтытының жас зерттеушілері 4 «К» XXI ғасыр дағдыларын дамыту мәселесін талқылады


Педагогика және психология институты онлайн дәрісхана аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторы Сатова Ақмарал Құлмағамбетқызының «Заманауи оқушылардың дарындылығы және қабілеттерін дамыту мен диагностикалаудың инновациялық амалдары» тақырыбында дәріс ұйымдастырды.

 

Кездесу барысында профессор 4«К»: критикалық талдау, креативтілік, коммуникация, коллаборация XXI ғасыр дағдыларын қарастырды. Сонымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ғылыми ұжымымымен әзірленген оқушылардың қабілеттерін дамыту және психологиялық диагностикалау бағдарламасы ұсынылды, ол өзіне El Úmiti IT платформасында 12-14 жастағы жасөспірімдердің кәсіби тұлғалық бейімділіктері мен қабілеттерін диагностикалаудың әдістері кешенін кіріктірді.

 

Кездесуге қатысушылар аталған кешендерге қызығушылық танытып, сұрақ жауап форматындағы әңгімелесуде өз ойларымен бөлісті.

 

Кездесу соңында Институт директоры, доцент Г.А. Абаева Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы, ректор Д.Н.Биляловтың атынан Алғыс хат табыстады. Дәрісхана модераторы, Институттың ғылым жөніндегі директор орынбасары п.ғ.д.,профессор Абсатова М.А. кездесудің нәтижесін түйіндеп, онлайн дәрісхананың жұмысы жалғасатынын жеткізді.

 

  alt=  

 

  alt=