қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.02.2023

Климаттың өзгеруі бойынша халықаралық ғылыми жоба барысы


2023 жылдың 21 ақпанында «Тұрақты даму мүддесінде білім беру саласындағы Азия озық тәжірибе орталықтары арасындағы ынтымақтастық арқылы білім беру саласында климаттың өзгеруі бағытында мұғалімдерді даярлауға жәрдемдесу» атты халықаралық зерттеу жобасына қатысушылардың финалға дейінгі отырысы өтті.


Бұл халықаралық бірлескен зерттеу жобасы Тұрақты даму аясындағы климаттың өзгеруіне, сондай-ақ тұрақты даму мақсатында азиялық озық тәжірибе орталықтарының ынтымақтастығы арқылы таратылатын «Климаттың өзгеруі мәселеріне байланысты оқытуға арналған педагогикалық білім берудің Азиялық негіздемелік бағдарламасы» атты бағдарламаны әзірлеуге арналған.


Отырыс онлайн форматта Азияның 9 елінің (Қытай, Үндістан, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Малайзия, Моңғолия, Филиппин және Таиланд) өкілдері, мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен өтті. Отырысқа Еуропаның серіктес оқу орындары да қатысты.


Отырыстың мақсаты - әр оқу орнында климаттың өзгеруі саласында мұғалімдерді даярлау бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және бағалау барысы туралы ақпарат алмасу.


Отырыс барысында директор К.Д. Каймулдинованың жетекшілігімен Жаратылыстану және география институтының зерттеу тобы Халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларына климаттың өзгеруі бағытында пәндерді енгізу барысы бойынша, ТДМ бойынша тақырыптарды оқылатын курстарға енгізу туралы, сондай-ақ Халықаралық жастар форум, Өзбекстан ғалымдарымен бірқатар дөңгелек үстелдердің өткізілуі және 2022 жылы Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (Астана қ.) шақырылған профессорының дәрістерді оқуы сияқты тұрақты даму мақсаттары бойынша өткізілген іс-шаралар туралы баяндама жасады.


Кездесу жоғары деңгейде өтті. Қорытынды кездесу Индонезияда өтеді, онда «Климаттың өзгеруі мәселеріне байланысты оқытуға арналған педагогикалық білім берудің Азиялық негіздемелік бағдарламасы» және оны барлық мекемелердің тәжірибесі негізінде тарату жөніндегі нұсқаулық әзірленеді.

 

  alt=  

 

  alt=