қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.02.2023

Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша дөңгелек үстел

 

2023 жылдың 23 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтыны офлайн-онлайн форматында «Жоғары инклюзивті білім беру: кедергілер, үрдістер, мүмкіндіктер» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізді. Дөнгелек үстел жұмысының мақсаттары: кедергілері мен тенденцияларды талдау, жоғары инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту мүмкіндіктерін айқындау.

 

Дөңгелек үстел жұмысына: Абай атындағы ҚазҰПУ зерттеу қызметі жөніндегі проректор Е.А. Бөрібаев; «САТР орталығы» ЖШС бас директоры Сулейменова Р.А.; «Азаматтың әлеуеті» жеке қайырымдылық қорының президенті Сейсенова А.Д.; Абай атындағы ҚазҰПУ зерттеуші профессоры Мовкебаева З.А.; АИБД ҰҒПО-ның аға ғылыми қызметкері Баймуратова А.Т.; АИБД ҰҒПО -ның ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Куттыбаева Ж.К.; ҚазҰҚПУ-ның Педагогика және психология институтының директоры Оразаева Г.С.; «Арнайы педагогика» кафедрасының бағдарламалық жетекшісі Мажинов Б.М.; С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің психология және түзету педагогикасы кафедрасының профессоры Стельмах С.А.; сурдоаудармашы Преображенская Н.; Алматы Менеджмент Университеті, «Саяси жəне құқық» мектебінің тəжірибелі профессоры, «Service Learning» жобасының жетекшісі, Қазақстандық Арнайы Олимпиада ҚБ-нің Алматы қаласы филиалының директоры Асемкулова Г.; «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Жылы ұя» мүгедектерді оңалту республикалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бөлім басшысы Жанысбаев М. Е.; Абай атындағы ҚазҰПУ және ҚР басқа да жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы.

 

Дөңгелек үстел модераторлары: Абаева Ғалия Әскербекқызы - Педагогики и психологии институтының директоры; Аутаева А.Н. - қауымдастырылған профессор, «Арнайы педагогика» кафедрасының меңгерушісі; «Арнайы педагогика» кафедрасының аға оқытушылары С.С.Жакипбекова және У.А.Мирзахмедова.

 

Дөңгелек үстел аясында қатысушылар 2023-2025 жылдарға арналған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Жол картасының жобасын талқылап, ұсыныстар мен ұсынымдар енгізді.

 

  alt=  

 

  alt=