қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
23.02.2023

Мектептердегі көркемдік білім беру мәселелері талқыланды


2023 жылдың 22 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Бейнелеу өнері және сызу мұғалімдерін даярлау бағытындағы ОӘБ-ЖБТ-ның «Мектептерде көркем білім беруді жетілдіру және жаңғырту» тақырыбындағы дөңгелек үстелі ҚР ЖОО өкілдері, Алматы қаласы Білім басқармасы, «Өрлеу» БАҰО АҚ, мектеп директорлары, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, технология, графика және жобалау пәндерінің мұғалімдерінің қатысуымен өтті. Дөңгелек үстелде ҚР білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы (орта білім берудің мазмұны), мектептерде көркемдік білім беруді жетілдіру және жаңғырту, үздіксіз білім беру мазмұны: бейнелеу өнері, графика және жобалау мәселелері қарастырылды.


Дөңгелек үстелді Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ-ЖБТ төрағасының орынбасары, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлжан Жарасова сөз сөйлеп ашты.


Дөңгелек үстелде бейнелеу өнері және сызу мұғалімдерін (педагогтарды) даярлау бағытындағы жоба командасының жетекшісі Зоя Рабилова модератор ретінде сөз сөйледі.


Алматы қаласы № 21 гимназияның «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі Гүлсара Жарымбетова, Алматы қаласы білім басқармасының Көркем еңбек әдіскері Светлана Шапкина баяндамалар жасады.


Көркем білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында дөңгелек үстелге қатысушылар шығармашылық дайындықты қажет ететін білім беру бағдарламаларының топтары аясында бейнелеу өнері, еңбекке баулу, технология және сызу пәндері мұғалімдерін дайындау мәселелерін сындарлы түрде талқылады.


Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесінде ҚР ҒЖБМ-не ұсыну үшін нақты ұсыныстар әзірленді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=