Негізгі бет
Жаңалықтар
01.03.2023 Кафедраның кәсіптік бағдар беру жұмысы
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ашық есік күні аясында Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасының оқытушылары Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырды.
Мектеп оқушылары экскурсия жасап, университет ректоры мен әкімшілігімен кездесті. Кафедра оқытушылары Шорманова А.К. және Кенжебекова А.С. болашақ студенттермен университет тарапынан ұсынылатын оқуға түсу шарттары мен даму мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөлісті, қазіргі студенттер мен кафедра түлектерінің жетістіктері, спорттық шаралар, шығармашылық секциялар мен үйірмелер туралы әңгімеледі. «Тарих-дінтану» және «Тарих-география» сияқты мамандықтар жас қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды. Іс-шара соңында мектеп оқушыларына ҰБТ-ны сәтті тапсыруларына тілектер айтылды.
|