қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
03.03.2023

Білім беруде АІ-құралдарын қолдану тақырыбында семинар өтті

 


 

1 наурызда Абай университетінде «Білім беруде АІ-құралдарын пайдаланудың үздік тәжірибелері мен практикасы. ChatGPT-дің білім беру үдерісіне әсері» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының, ISACA IT-мамандарының Жаһандық қауымдастығының Астана бөлімшесі (ISACA Nursultan chapter), Digital Experts Group» ЖШС өкілдері мен сарапшылары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы және университеттің ғылыми қызметкерлері қатысты.

 

Семинардың ашылуында Абай университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Гүлжан Жарасова отандық білім беруді дамыту үшін жаңа технологиялар мен құралдарды қолданудың өзектілігін атап өтті.

 

Семинар барысында заманауи білім беруде AI-құралдарын пайдалану тәжірибесі және ChatGPT, Edtech бағдарламаларының білім беру мазмұны мен оқу үдерісіне әсері, киберқауіпсіздікте AI және ML құралдарын қолдану мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, «Chat GPT және басқа да AI-құралдары оқытушыларға көмек: Білім беру және ғылыми-зерттеу үдерістеріне интеграциялау» шеберлік сабағы мен «Edtech-тің білім беру мазмұны мен оқу үдерісіне әсері. Chat GPT және басқа AI-құралдары» форсайт сессиясы өткізілді.

 

Білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған семинарды Абай университетінің информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы ұйымдастырды. Іс-шара өте нәтижелі өтті, кең пікір алмасып, жоғары білім беру саласында AI-құралдарын пайдалану бойынша қызықты ұсыныстар айтылды.

 

03.03.2023 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com