қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.03.2023

Семинар-тренингте педагогикалық үдерістегі белсенді оқыту технологиялары талқыланды

 

2023 жылғы 6 наурызда Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының докторанттары мен магистранттары үшін қауымдастырылған профессор Г. Т. Абитованың ұйымдастыруымен «Педагогикалық үдерісте белсенді оқыту технологияларын тиімді қолдану» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

 

Семинар-тренингті психолог, педагогика ғылымдарының кандидаты, осы салада 15 жылдан астам тәжірибесі бар Ұ.Б. Төлешова жүргізді. Тренингке қатынасушыларға әр түрлі тапсырмалар, жаттығулар берілді. «Жеке шекаралар» тренингінде қатысушыларға психологиялық ахуал, психологиялық байланыс орнату маңызды екендігі айтылды, жаттығулар арқылы өз шекараларын қалай қорғауға және бұзбауға болатындығы түсіндірілді, «Коммуникативтік дағдылар» алаңында қатысушылар көшбасшылық қасиеттерді пысықтады.

 

Семинар-тренинг достық, жағымды жағдайда өтті, семинар соңында қатысушылар қауымдастырылған профессор Ұ.Б. Төлешоваға мазмұнды тренинг үшін алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=