қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.03.2023

«Жеке тұлғалық даму» тренингі өткізілді

 

2023 жылдың 14 наурызында Abai Student Center орталығында «Психологиялық қызмет» секторының психологтарының ұйымдастыруымен «Жеке тұлғалық даму» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингке университеттің Жастар ісі жөніндегі басқарма қызметкерлері мен белсенді студенттері қатысты.


Жеке тұлғалық даму - жастардың бойында көшбасшылық қасиеттерді, алға қойған мақсаттарды жоспарлау және оған қол жеткізу, жеке дарындарды анықтау және оларды тұрақты негізде дамытуға бағытталған психологиялық тренинг болып табылады. Бұл тренингте коуч-психолог қатысушыларға әртүрлі көшбасшылық дағдыларды қалыптастыруға, өзін түсінуге мен қабылдауға және ішкі мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін жаттықтырушы ретінде әрекет етеді.

 

Тренинг топта жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында «Жаңғырық» танысу жаттығуымен басталып, негізгі бөлімде көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және мақсаттарын нақты анықтауға бағытталған «Мақсат жолындағы он қадам» және «Соқыр суретші» ойындары жүргізілді. Тренинг барысында жетістікке жеткен қатысушыларды арнайы сыйлармен ынталандыру жұмыстары да жүргізілді. Қатысушылардан кері байланыс алу үшін «Шам» жаттығуы жүргізіліп, студенттердің жағымды әсер алып, өздерінің бойындағы көшбасшылық қабілеттері мен тұлғалық дарындарын анықтай алғандығына куә болдық.

 

Сонымен қатар, тренинг соңында студенттерге психикалық жай-күйін қалыпты деңгейде ұстауға көмегін тигізетін арнайы ұсыныстары бар флаерлер таратылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  


«Психологиялық қызмет» секторы