қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
05.06.2020

Әкімшілік басқару персоналдарының және кафедра меңгерушісінің бос лауазымдарына конкурс жарияланады

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бос жұмыс орындарына байқау жариялайды
- Даму стратегиясы және сапаны сараптау департаментінің директоры-1
- Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментының директоры-1
- Шетел тілдер кафедрасының меңгерушісі-1
- Персоналды басқару бөлімінің басшысы-1
- Халықаралық ғылыми-мәдениет байланыс бөлімінің басшысы - 1

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Даму стратегиясы және сапаны сараптау департаментінің директоры лауазымына: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәрежесі мен атағының болуы, жоғары оқу орнындағы басшы лауазымдардағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, ҚР «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңдарын, QS рейтингін, ішкі және сыртқы аудитті жүргізу негіздерін, білім беру бағдарламаларын институционалдық аккредиттеу және аттестаттау негіздерін және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі қажет.

- Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментының директоры лауазымына: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кемінде 5 жыл басшылық қызметтегі еңбек өтілі немесе ЖОО тәрбие жұмыстары бойынша тәжірибесі болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «ҚР тілдер туралы», «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы», «ҚР Бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, ҚР Үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы, Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі типтік кешенді жоспар, ҚР Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы, Педагогика және психология негіздері және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі қажет.

- Шетел тілдер кафедрасының меңгерушісі лауазымына: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәрежесі мен атағының болуы, білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.
ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, ҚР «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» Заңдарын және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі қажет.

 

-Персоналды басқару бөлімінің басшысы лауазымына: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, кадрлық қамтамасыз ету саласындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде басшылық лауазымда кемінде 1 жыл болуы тиіс.
ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, ҚР «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын білу; еңбек шарттарын жасау және ресімдеу, бұйрықтардың барлық түрлерін дайындау (қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату, демалыстар бойынша, іссапарға жіберу бойынша), қызметкерлердің жеке істерін және басқа да кадр құжаттарын жүргізу, жаңарту, 1С (8.3) бағдарламасында жұмыс істеу тәжірибесі болуы қажет.

- Халықаралық ғылыми-мәдениет байланыс бөлімінің басшысы лауазымына: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл, IELTS /TOEFL кемінде 5,5 көрсеткіші бар сертификаты болуы тиіс.
ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, ҚР «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңдарын, ИСО 9001:2015 сериялы МС, ISO 37001:2016 халықаралық стандартын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі қажет.


Байқауға қатысуға үміткер тұлға байқау өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде келесі құжаттарды ұсынады:

1) университет ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме (фотосуретпен қоса);
3) өмірбаян;
4) нотариалды расталған жоғары білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттарының көшірмелері;
5) жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі;
6) еңбек кітапшасының көшірмесі;
7) біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі (болған жағдайда);
8) ЖОО Бас ғалым хатшысы растаған ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының тізімі;
9) санитарлық кітапша;
10) сотталмағандығы туралы анықтама;
11) наркологиялық ұйымның анықтамасы;
12) психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
13) соңғы жұмыс орнынан мінездеме (басқа мекемеден келген тұлғалар үшін);
14) Департаментті немесе Бөлімді дамытудың үш жылдық бағдарламасы.


Конкурсқа қатысушы өз біліміне, кәсіптік деңгейіне қатысты (марапаттар мен құрметті атақтар тізімін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығының ұсыныстары) және т.б қосымша ақпараттар беруге құқылы.


Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау: 2020 жылы 5 маусымнан 5 шілдеге дейін (қоса алғанда).


Құжаттар келесі мекен жайда қабылданады: Алматы қ-сы, Достық даңғылы, 13, Персоналды басқару бөлімі, №103 кабинет, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.


Анықтама телефондары: 8 (727) 291-18-29, 291- 82-57, 291-34-35. e-mail: o_k_28@bk.ru