ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасы | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Ғылым департаменті / ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасы
ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасы
Мақсаты - педагогикалық-зерттеу университетіне трансформациялау үдерісінде магистрлерді, философия докторларын (PhD) даярлау деңгейіне қойылатын міндетті талаптарды сақтай отырып, ғылыми зерттеулер мен білім беру сапасын жақсарту саласындағы саясатты жүзеге асыру.
ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқарманың негізгі міндеті университеттің ғылыми-инновациялық қызметінің тиімділігін молайту, генерациялау және интеллектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында жоғары дәрежелі ғылыми кадрларды даярлау, аттестаттау болып табылады.
Функциялары: 1. Білім беру институттарының ҒЗЖ және СҒЗЖ (МҒЗЖ, ДҒЗЖ) үйлестіру және бақылау; 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен университеттің жыл сайынғы іс-шаралар жоспарына енгізілген халықаралық және республикалық ғылыми конференциялардың уақытылы өткізілуін үйлестіру және бақылау; 3. Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Диссертациялық кеңестердің қызметін үйлестіру және бақылау; 4. Ғылым саласындағы мемлекеттік ғылыми стипендияларды, атаулы сыйлықтарды тағайындауға арналған конкурстарды жоспарлау және ұйымдастыру; 5. Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының 1 және 2 кезеңдерін ұйымдастыру және үйлестіру; 6. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық конкурсына қатысушылардың құжаттарын талапқа сай ресімдеу және ақпараттық жүйеге жүктеу; 7. Жыл сайынғы Ғылым Декадасын өткізу; 8. Жыл сайынғы ғылыми студенттік конференцияларды ұйымдастыру және бақылау; 9. Жас зерттеушілер кеңесінің қызметін үйлестіру және бақылау; 10. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және т.б.
|