қазақша · русский · english
   

 

Практикалық ағылшын тілі кафедрасы қызмет көрсетуші кафедра болып табылады.Кафедра оқытушылары университеттің барлық Білім беру бағдарламаларына бакалавриат бойынша шетел тілі және ілгермелі шетел тілі, магистратура бойынша кәсіби шетел тілі пәндерінен инновациалық, цифрлық платформаларды, белсенді әдістерді қолдана отырып, студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік біліктіліктерін, яғни, лингвистикалық, дискусивтік сөйлеу, мәдени-әлеуметтік және стратегиялық компоненттерден тұратын күрделі интегративтік тұтастықты қалыптастыра отырып дәріс береді.

 

Оқу - әдістемелік жұмысының ең басты аспектісі болып оқытушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру,ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Әдістемелік жұмысын басқару- оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл білім алушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.

 

Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары:

-педагогикалық кеңестер;

- әдістемелік кеңестер;

-әдістемелік бірлестіктер;

-проблемалық шығармашылық топтар;

-ғылыми-практикалық конференциялар;

- теориялық семинарлар мен семинар-практикумдар.

 

1.Оқу-әдістемелік жұмысының жоспарын жасау;

2.Оқытылатын пәндер бойынша силлабустар, оқу бағдарламалары және ОӘК құру;

3.Кафедра деңгейінде өтетін ашық сабақтар, тренингтер, вебинарлар және семинарлар жоспарын бекіту;

4.Пәнді оқыту әдісінің жаңа инновациялық технологияларын және платформаларды дамыту (Microsoft teams, ZOOM);

5.Жаңа ақпараттық компьютерлік технологияны дамыту.

 

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмыс жоспары 2021/2022 оқу жылы


Кафедраішілік бақылау кестесі 2021/2022 оқу жылы


Оқытушылардың ашық сабақ өткізу кестесі 2021/2022 оқу жылы