қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.06.2020

Инклюзивті білім берудің виртуалды зертханасы вебинарлар өткізуді жалғастыруда

 

Инклюзивті білім берудің тиімді тәжірибесін тарату мақсатында 05.06.2015 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментімен құрылған жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру орталығы жанында Инклюзивті білім беруге арналған виртуалды зертхана жұмыс істейді. Виртуалды зертхананың қызметі аясында жетекші отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен онлайн-вебинарлар үнемі өткізіліп тұрады. Вебинарлар білім беру үрдісіне ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қосудың ең жақсы теориялық және практикалық тәжірибесін ұсынады.

2020 жылғы 17 маусымда сағат 15.00-де ZOOM арқылы «Инклюзивті білім беруді әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында кезекті вебинар өткізу жоспарлануда. Мақсатты топ - оқытушылар, докторанттар, студенттер, ЖОО студенттері, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әкімшілігі және педагогтары.

Спикер -Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының инклюзивті білім беруді дамыту орталығының жетекшісі Исмагулова Светлана Кужаковна.

Вебинарға сілтеме: https://zoom.us/j/ 813 8296 3366.


Идентификатор (пароль): 828338

Барлық мүдделі тұлғаларды осы семинарлардың жұмысына спикер және тыңдаушы ретінде қатысуға шақырамыз!