Рекрутинг және қабылдау кеңсесі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кеңсе құрамына: кеңсе жетекшісі, бас маман, жетекші маман, маман кіреді.
Қызметтің негізгі бағыттары:
Білім алушыларды бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның білім беру бағдарламалары тобына қабылдау; Абай атындағы ҚазҰПУ институттарымен бірлесіп кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу.
Негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Типтік ережелеріне сәйкес конкурстық негізде білім алушыларды қабылдауды ұйымдастыру, дайындау және өткізу.
Бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқығысы келетін мектеп, колледж түлектері, жұмыс істейтін жастар, университет түлектері арасында кең ақпараттық - түсіндіру кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу.
Бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның білім беру бағдарламалары тобына білім алушыларды сапалы қабылдауды жүзеге асыру.
Бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім алушылар контингентін қалыптастыруды ұйымдастыру және бақылау.
|