қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.05.2017

 

      2017 жылы 11 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми ісі жөніндегі проректоры В.Н. Косовтың Слупск қаласындағы (Польша) Помор Академиясының географ-ғалымы Марек Маевскиймен кездесуі өтті.
    Маевский мырза «Ерасмус +» бағдарламасы аясында біздің университеттің география және жаратылыстану институтының студенттеріне екі апталық дәріс оқиды.
     Косов Владимир Николаевич қонағымызға университет туралы мәліметтер айтып, ғылым саласының даму бағыты мен жетістіктерін баян етті.
    Өз тарапынан Маевский мырза біздің жоо және жалпы Қазақстаннан алған әсерімен бөлісіп, Помор Академиясының қызметі мен қоршаған орта, ландшафт, Солтүстік Еуропаның көрікті жерлерін зерттейтін өз пәнін оқытудың ерекшеліктерін айтып берді.