Негізгі бет
Жаңалықтар
31.03.2023 «Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік оқу бағдарламасы» вебинары
2023 жылғы 29 наурызда Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында «7М012- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы» білім беру бағдарламасының магистранттарына арналған «Өзбекстандағы мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік білім беру бағдарламасының ерекшеліктері» тақырыбында онлайн-вебинар өтті.
Вебинарда Ажинияз атындағы Нукус мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры (Өзбекстан), мектепке дейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі Гүлнара Джумашева өз еліндегі мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін атап, мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері мен басым бағыттары туралы ақпарат берді. Вебинар барысында қатысушылар Қазақстан мен Өзбекстанның мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік білім беру бағдарламаларына салыстырмалы талдау жүргізіп, өз идеяларымен бөлісті.
Вебинар Абай атындағы ҚазҰПУ мен Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты арасындағы ынтымақтастық туралы шартына сәйкес өткізілді, екі жыл бұрын қол (25.02.2021 ж. №160) қойылған болатын.
|