қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
04.04.2023

Зерттеу тобы жобаны сәтті аяқтады

 


 

Абай университетінің докторанты, жас ғалым Ерлан Исаков бастаған зерттеу тобы география мұғалімдерінің сыныптан тыс туристік-өлкетану қызметінде мобильді ГАЖ-қосымшаларын қолданудың тиімділігін дәлелдеді.

 

Абай университеті қаржыландырған «Болашақ география мұғалімдерінің туристік-өлкетану құзыретін қалыптастырудың құрылымдық моделін жасау арқылы өлкетану іс-әрекетін ұйымдастыру» жобасы аясында iOS, Microsoft Windows, Mac OS X (iTunes) операциялық жүйелері мен App Store және Google Play дүкендеріндегі мобильді ГАЖ-қосымшаларына зерттеу жүргізілді. Зерттеуді Ерлан Исаков (Ш. Лайсханов және Н. Усенов) бастаған зерттеу тобы жүргізіп, туристік-өлкетану саласында жұмысты ұйымдастыру және жүргізу үшін пайдалануға болатын Google Play-ден 250-ге жуық және App Store-дан 150-ге жуық қосымшаны анықтады.

 

Зерттеу тобы смартфонға жүктеуге болатын мобильді ГАЖ-қосымшаларының функционалдығы мен артықшылықтарын бес топқа топтастырып, болашақ география мұғалімдерінің туристік-өлкетану құзыреттілігін қалыптастырудың өзіндік құрылымдық моделін жасақтады. Сондай-ақ, туристік-өлкетану іс-әрекеттерін ұйымдастыру және жүргізу үшін оқу бағдарламасын және оқыту технологиясын әзірлеп, оның тиімділігін дәлелдеп шықты.

 

Жоба аясында Исаков Ерлан Стамбулдағы (Түркия) «Rimar Academy» және Венгрия ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары университетінің «Тұрақты туризм» департаментінде болып зерттеу тәжірибесін жүргізіп келді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері Scopus базасында индекстелетін Geojournal of Tourism and Geosites (69-процентиль) журналында және ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымда жарияланды.

 

Осылайша, жас зерттеу тобы жобаны сәтті аяқтап, туристік-өлкетану іс-әрекеттерін ұйымдастыруда мобильді ГАЖ-қосымшаларын пайдаланудың тиімділігін дәлелдеді.

 

 

04.04.2023 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com