қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.04.2023

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95 жылдығына арналған Ғылым онкүндігі-2023

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде университеттің 95 жылдығына арналған Ғылым онкүндігі-2023 басталды. 4 сәуірде ғылым онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті, оның барысында Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов жетекші ғалымдарға құнды сыйлар табыс етті, сондай-ақ 2022 жылы Scopus және Web of Ѕсіеnсе базаларында индекстелетін 1-квартильдегі 85-тен жоғары процентильді басылымдарда жарияланымдары бар авторлар ақшалай сертификаттармен марапатталды. Әкімшілік және қаржы қызметі жөніндегі проректор Клара Исакова ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің наградаларын табыс етті; зерттеу қызметі жөніндегі проректор Ермек Бөрібаев ғылыми журналдардың жауапты хатшыларына, ғылыми жобалардың басшыларына университеттің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.

 

Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов университетіміздің халықаралық рейтингтерде ілгерілеуіне ықпал ететін, педагогикалық зерттеу университеті ретіндегі имиджін қалыптастыратын ғалымдарға алғысын білдірді.

 

Ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Әбдіғапбарова іс-шара қонақтарына Ғылым онкүндігі- 2023 барысында алғаш рет күн сайын сағат 11-ден бастап «Ғылым туралы 100 сұрақ» айдарымен Топ-тайм өтетінін, онда университеттің ректоры мен проректорлары ғылыми зерттеулерді басқарудың ең өзекті мәселелері бойынша сөз қозғайтынын атап өтті.

Ғылымның онкүндігі - бұл Инновация мен білімнің мерекесі ғана емес, сонымен қатар жас таланттардың шығармашылығы болып табылады. Ғалымдар мен оқытушылар Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттан эксперименталды педагогикалық сынып оқушыларын құттықтады, соңында студенттер музыкалық және би нөмірлерімен концерт қойды.

 

Ғылым онкүндігі-2023 барысында сәуір айының 12 күнін қоса алғанда, тоқтаусыз режимде өтетін көптеген қызықты іс-шаралар өтеді. Барлық студенттер мен оқытушыларды көрмелерге, экскурсияларға, семинарларға, конференцияларға қатысуға шақырамыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=