Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департамент | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департамент / Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау қызметі
Мақсаты - жұмыстарды қауіпсіз орындау, Қоғам қызметкерлерінің және басқа да мүдделі тараптардың өмірі мен денсаулығы үшін тәуекелдерді жою, сондай-ақ жазатайым оқиғалардың және авариялардың алдын алу, қызметкерлердің денсаулығына ұқыпты қарау, қоршаған ортаны сақтау.
Қызметтің негізгі міндеттері: 1. Еңбек қауіпсіздігін, өрт және техникалық қауіпсіздікті, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды жүргізу. 2. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру Қызмет басшысына жүктеледі. Қоғам қызметкерлерінің еңбекті қорғау, техникалық және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ қоршаған орта жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауын университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қамтамасыз етуі тиіс. 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының, мүдделер қақтығысын шешу саясатының, Қазақстан Республикасының ішкі нормативтік құжаттары мен заңнамалық актілерінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде талаптарын сақтау.
|