қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
06.04.2023

Дархан Біләлов Ғылым онкүндігі аясында дәріс оқыды

 


 

Кеше, 5 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-да дәстүрлі Ғылым онкүндігі аясында «Top Time: ғылым туралы 100 сұрақ» басталды. Алғаш болып ректор Дархан Біләлов «Оқу мен ғылыми зерттеулер жүргізудің пайдалы және тегін құралдары» тақырыбында дәріс оқыды. Ректор барлық салалар бойынша жоғары оқу орындарында цифрлық құралдарды пайдаланудың, сандық және сапалық деректермен жұмыс істеудің маңыздылығын атап, цифрлық білім беру кеңістігін ұйымдастырудың заманауи технологияларына талдау жасады.

 

Дархан Біләлов атап өткендей, цифрландыру - бұл бүгінгі күннің талабы, ал цифрлық білім беру кеңістігінің инфрақұрылымын дамыту педагогтардан нарықта бар цифрлық білім беру платформаларына талдау жүргізу дағдыларын талап ететіні сөзсіз. Деректерді цифрлық платформалар арқылы талдай білу, педагогикалық қызметте сапалық және сандық көрсеткіштерге зерттеу жүргізу де өте маңызды саналады.

 

Ректордың дәрісі бірнеше бағытты, соның ішінде Google forms, Excel Data Analysis Toolpak, PSPP бағдарламалары арқылы сандық мәліметтермен, Google Docs, QDA Miner Lite қосымшалары арқылы мәтіндік транскрипция деректерімен жұмыс істеуді қамтыды. Google-forms, Excel Data Analysis Toolpak, PSPP сияқты пайдалы және тегін құралдарды пайдалана отырып алынған сандық және сынақ деректерінің интерпретациясын бірден көрсетті. Google Docs, QDA Miner Life құралдарының көмегі арқылы дауыстық дыбыстың мәтінге айналуы жаңалық болды.

 

Іс-шараға Абай университетінің басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен жас зерттеушілер қатысты. Дәріс сауалнамадан басталды. Дәрістің алғашқы минуттарынан бастап зерттеу экспериментінің жолдары көрсетіліп, мысалдар келтірілді.

 

Қорытындылай келе, университет басшысы мен шараға қатысушылар көтерілген тақырып төңірегінде пікір алмасып, ғылыми зерттеулерді зерделеу және оларды жүргізу жаңа құралдарының, әсіресе тегін құралдардың оқу орындары мен жалпы білім саласының дамуында, сондай-ақ студенттердің білім алуында үлкен рөл атқаратынын атап өтті.

 

Қатысушылардың әрқайсысы зерттеу құзыреттілігі мен дағдылары туралы көптеген жаңа білім алды. Жас зерттеушілер өздерінің білім беру және зерттеу жұмыстарында пайдалы және ақысыз құралдарды қолдана бастағанына сенімдіміз.

 

 

06.04.2023 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com