қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
06.04.2023

Педагогикалық сыныптар құру - бүгінгі заман талабы

 


 

ҚР жаһандық қоғамдастықтың бір бөлігі ретінде өзінің бәсекеге қабілетті білім беру траекториясын қалыптастырып қана қоймай, оның сапасын және мазмұнын арттыруға бағытталған кәсіптік-педагогикалық даярлық міндеттерін шеше білді. Десек те, заманауи өзгерістер талабына сай жаңа мазмұнда жаңғырған мектеп бәсекеге қабілетті педагог даярлаудың түбегейлі мәселелерін шешудің тетіктерін іздеумен қатар, мұғалімнің үнемі үздіксіз кәсіби дамуын талап етеді. Сонымен қатар заманауи өзгерістерге бейім, адами капиталдың сапасын арттыру, білім берудің өзге де деңгейлерін дамыту, қоғамның инновациялық әлеуетін арттыру факторы ретінде үздіксіз педагогикалық білім берудің барлық деңгейлерін түсіну мен оны іске асыру қажеттілігі туындады.

 

2022 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының демографиялық өсуі жаңа мектептер салуды талап ететінін назарға сала келе Үкіметке осы мәселені оңтайлы шешуді тапсырған болатын. Бұл өсім тек жаңа мектептерді ғана емес, сонымен бірге оларға білім беретін білікті педагогтарға деген сұраныстың артуына алып келетіне айтпаса да түсінікті. Осы аталған мәселелерді шеші үшін «Жайлы мектеп» жобасы қолға алынып. Осы жоба аясында болашақ мектептер үшін 100 000 мұғалім даярлау жоспарлануда.

 

ҚР Білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында алдыңғы онжылдықтардағы «Педагог» мамандығының жеткіліксіз дәріптелуі, сонымен қатар педагогикалық мамандықтарға түсуге қойылатын талаптардың төмендігі мамандыққа деген қызығушылығы төмен және кәсіби өсу деңгейі әлсіз педагогтардың едәуір үлесінің болуына себеп болғандығы атап өтілді. Осы жоғарыда көрсетілген себептер мектеп түлектерін педагогикалық мамандықтарға ерте бейіндеуді өзектендіреді. Мұғалім мамандығын таңдау болашақ талапкердің осы салада жұмыс істеуге деген тікелей құлшынысы мен бейімділігіне байланысты болуы керектігі басты назарға алынуы тиіс.

 

Әлемнің көптеген елдерінде (мысалы, Гонконг, Финляндия, Канада) педагогикалық мамандықтарға талапкерлерді іріктеу саясаты ойластырылған, мұғалім мамандығына кірудің ерекше шарттары жасалған, «Мамандыққа кіріспе» бағдарламаларының мұғалімнің үздіксіз кәсіби даму жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ерекше маңыздылығы танылған, ұлттық мамандықтарға негізделген табысты кәсіби қызметке ынталандырудың нақты тетіктері жасалған. Аталған елдердегі ең басты ерекшелік, педагог мамандығына педагогикалық қызметті насихаттау есебінен талантты жастар тартылуында. Мұның бәрі осы елдердегі білім берудің жоғары сапасына әсер ететіні белгілі.

 

Осыған орай біздің университетіміз жоғары педагогикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасында біз ҮЕҰ жүйесін (5 деңгей) құрылымдық-мазмұндық қайта құруды ұсынды, мұнда: 1 деңгей - Педагог мамандығына жоғары оқу орнына дейінгі кәсіптік бағдарлау. Педагогикалық жоғары оқу орындарына адамгершілік жауапкершілігі жоғары және «Педагог» мамандығына икемі бар талантты жастарды тарту үшін осы деңгейде кәсіби бейімділіктерді диагностикалау негізінде іріктелген дарынды түлектердің педагогикалық мамандыққа кіруі үшін қолайлы жағдайлар жасауды және кәсіптік бағдарлаудың инновациялық нысандары мен құрылымдарын енгізуді көздеуді ұсынды.

 

Педагогикалық сынып-бұл білім алушылардың кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтау мен «Педагог» мамандығына деген қызығушылығын арттырды бағдарлайтын «педагогикалық мамандыққа кіріспе» факультативтік курсының оқу бағдарламасы бойынша пилоттық жоба шеңберінде қосымша оқытуды жүзеге асыратын ерекше үлгідегі сынып.

 

Бұл сыныптардың мақсаты білім алушылардың мақсатты кәсіптік-педагогикалық қалыптасуы мен педагогикалық қызметті игеруге деген тұрақты қызығушылықты, сондай-ақ қазіргі қоғам талап ететін жеке және жалпы педагогикалық құзыреттерді қалыптастыру болып табылады.


Биыл оқу жылында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Дархан Нұрланұлы Біләлов «Педагогикалық сыныптар құру» атты жаңа бастамаға мұрындық болып, осының негізінде Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «№81 мектеп-гимназия» КММ, «Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154 Жалпы білім беретін мектеп» КММ, және одан бөлек Алматы облысының Ш. Смағұлов атындағы физика-математика мектебі мен «Абай атындағы дарынды балаларға арналған Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінің басшыларымен ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Аталған мектептерде «Пилоттық жоба» аясында осы жобаға қатысуға қызығушылық танытқан жоғары сынып оқушыларынан «Педагог» мамандығын таңдау мен оны игерудің жоғары деңгейіне бағытталған педсыныптар құрылды.

 

Педагогикалық сыныптардың мүмкіндіктері: педагогикалық бейіндегі жоғары оқу орындарында білім алуды жалғастыруға бағдарланған білім алушыларға білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мен жеке және жалпы педагогикалық құзыреттіліктерін дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктер қарастырылады; білім алушылар бастауыш психологиялық-педагогикалық білім мен дағдыларды меңгереді, сындарлы педагогикалық қарым-қатынас, мінез-құлық пен қызметті психоэмоционалды өзін-өзі реттеу, командада жұмыс істеу іскерлігін дамытады; Қазақстан педагогінің бейнесін тұтастай қабылдауын және түсіну арқылы кәсіби таңдау мотивациясы мен «Педагог» мамандығының ерекшеліктерін қалыптастыру, білім алушылардың кәсіби-тұлғалық өзін-өзі тануын, өзін-өзі анықтауын және өзін-өзі дамытуы қамтамасыз етіледі; білім алушылардың кәсіби педагогикалық қызметке, педагог тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттеріне қойылатын талаптарын талдау үшін жағдайлар жасалады.

 

Шығармашылық жоба аясында Abai University оқытушыларының жетекшілігімен оқушылар әртүрлі форматтағы тапсырмаларды орындау арқылы педагогикалық сыныптардың факультативтік курсын толыққанды игереді. Жоба барысында оқушыларды кәсіби өзін-өзі дамытуға арналған тренингтер, шағын зерттеулер, шығармашылық эсселер және т.б түрлі деңгейдегі тапсырмалар қарастырылған.

 

2022 жылғы қыркүйек пен 2023 жылғы ақпан айы аралығындағы пилоттық жоба шеңберінде педагогикалық сыныптардың білім алушыларымен байқау, сауалнама, әңгімелесу нәтижелері бойынша білім алушылар оларда сыни ойлау, рефлексия, топтық жұмыс, оқу педагогикалық міндеттерін шешуде креативтілік дағдыларын, сондай-ақ коммуникативтік, көшбасшылық қасиеттер мен қабілеттерді дамытуды, өзін-өзі тануға деген ынта мен қызығушылықты арттыруды, «мен-педагог» жеке тұжырымдамасын болжау мен өзін-өзі жобалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу.

 

2022 жылғы қыркүйек пен 2023 жылғы ақпан аралығында пилоттық жоба шеңберінде педагогикалық сыныптардың білім алушыларына «Мен мұғаліммін» жеке тұжырымдамасы негізінде әңгімелесу, сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша оқушылардың сыни ойлау, рефлексия, топтық жұмыс, оқу педагогикалық міндеттерін шешудегі шығармашылық дағдыларының дамуын, сондай-ақ коммуникативті, көшбасшылық қасиеттер мен қабілеттерін, өзін-өзі тануға деген ынта мен қызығушылықты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өзін-өзі дамытуын атап өтуімізге болады.

 

Факультативтік сабақтарда педагогикалық сыныптардың білім алушылары үшін бірлескен орта, сенім мен қолдаудың психологиялық жайлы атмосферасы, тұлғааралық өзара іс-қимыл, өзін-өзі көрсету және білім алушыларды болашақ педагогикалық қызметке тарту үшін жағдайлар жасалады.

 

Авторы: Хайрулла Жанбеков,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Академиялық мәселелер жөніндегі департамен директоры

06.04.2023 ж.

Ақпарат көзі: turkystan.kz