қазақша · русский · english
 
 
 
 Баймолдаев Нарбек Турсынболатович
Экономикалық жоспарлау және талдау басқармасының бастығы

Достық даңғылы, 13
 291-79-36

 

Экономикалық жоспарлау және талдау басқармасы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ректорға және әкімшілік және қаржылық қызмет жөніндегі проректорға бағынады. Экономикалық жоспарлау және талдау басқармасының қызметкерлері университеттің экономикалық жағдайы туралы ақпарат жинаумен, жоспарлар мен болжамдар жасаумен айналысады. Экономикалық есептеулер негізінде талдаушылар есептер, анықтамалар, аналитикалық жазбалар дайындайды.

 

Экономикалық жоспарлау және талдау басқармасының негізгі міндеттері:

- университеттің қызметі және оның қаржылық жағдайы туралы толық және нақты ақпарат қалыптастыру, университеттің шаруашылық қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
- университеттің қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу;
- болашақ экономикалық нәтижелердің жоспарын (болжамын) қалыптастыру;
- соңғы қаржылық нәтижелерді бақылау;
- қаражаттың жұмсалуын, ақша ресурстарының мақсатты пайдаланылуын, олардың тиімді бөлінуін реттеу және бақылау;
- баға саясатын үйлестіру;
- ақша қаражаттарын бөлуге қатысу;
- субъектінің шаруашылық қызметті жүзеге асыруы кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
- профессор-оқытушылар құрамының, ғылыми-техникалық, оқу-көмекші, әкімшілік және өзге де персоналдың жалақысының саны мен қорларын перспективалық және ағымдағы жоспарлау.