қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.04.2023

«Академиялық саясатты таза парақтан реттеу тұжырымдамасының негізгі мәселелері» семинары

 

2023 жылғы 7 сәуірде Ғылым онкүндігі-2023 аясында «Top-time: Ғылым аясындағы 100 сұрақ» айдарымен «Академиялық саясатты таза парақтан реттеу тұжырымдамасының негізгі мәселелері» семинары өтті. Семинарды академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлжан Жарасова өткізді. Семинарға Абай университетінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен постдокторанттары қатысты.

 

Семинар барысында Гүлжан Жарасова қатысушылардың назарын жоғары білім саласындағы бақылау субъектісіне қойылатын міндетті талаптар тізіліміне аударып, жоғары оқу орындарының тәуекел дәрежесін бағалау туралы, тәуекелдерді бағалау критерийлері мәселелеріне тоқталды. Тақырып тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды, семинар соңында Гүлжан Жарасова сұрақтарға жауап берді. Жоғары оқу орнының академиялық қызметі бойынша семинарлар 12 сәуірде сағат 11.00-13.00-де жалғасын табады.

 

  alt=  

 

  alt=