қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.04.2023

Ғылым онкүндігі: орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушыларының баяндамалар күні

 

Дәстүр бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым онкүндігінде «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы профессор-оқытушылар құрамының баяндамалар күні өтті. Кафедра оқытушылары төрт секцияда баяндама жасады. Бағдарлама бойынша 43 баяндама келіп түсті, онлайн режимде 37 адам тақырыптары бойынша сөз сөйледі.

 

Лингвистика секциясының отырысында қатысушылар заманауи лингвистиканың психолингвистика, социолингвистика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, интегративті лингвистика, сондай-ақ, семантикалық зерттеулер, қолданбалы лингвистика және аударматану сынды бағыттарының өзекті мәселелерін талқылады.

 

«Әдебиеттану мәселелері» секциясында прозалық шығармаларды зерделеудің теориясы мен әдістемесі, жанрология бойынша зерттеулер, қазіргі қазақ балалар әдебиетінің даму процестері, қазақ әдебиетін танымал ету үшін подкастингті пайдалану тәжірибесі және т.б. тақырыптардағы баяндамалар талқыланды.

 

«Әдістеме» секциясында оқылған заманауи лингводидактиканың жетістіктері, оқытуға аксиологиялық көзқарас, ЖОО-да цифрландыру және қашықтықтан оқыту мәселелері, электрондық оқулықтардың артықшылықтары мен тиімділігі, кейс-стадиді қолдану практикасы, ЖОО-да орыс тілі мен әдебиетін оқытуда CLIL технологияларын пайдалану және т.с.с тақырыбындағы баяндамалар мектеп пен ЖОО-да филологиялық пәндерді оқытудың маңызды мәселелеріне арналды.

 

«Филологиялық емес мамандықтар студенттеріне орыс тілін оқыту мәселелері» секциясындағы баяндамаларда оқытудың интерактивті әдістерін, орыс тілі сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану, болашақ мамандықтың тілі саласында тілдік және коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру, кәсіби орыс тілін интеграцияланған лингвистикалық-пәндік оқыту, СӨЖ ұйымдастыру ерекшеліктері (мысалда жобалық әдістер), топтық жұмыс формалары, мәтінмен жұмыс кезінде рефлексия стратегиялары, шетелдік оқушыларға орыс тілін оқыту ерекшеліктері және т.с.с. орыс тілін оқыту әдістемесінің әртүрлі аспектілері талқыланды.

 

Баяндама тақырыптарының өзектілігі және білім беру қызметінде практикалық қолдану мүмкіншілігі конференцияға қатысушылардың қызығушылығын және белсенді ғылыми пікірталасты тудырды. Мұндай диалогтың маңыздылығы мен қажеттілігі сөзсіз, өйткені онсыз ғылыми жұмыс жүргізу мүмкін болмайды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=