қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.04.2023

Қорытынды онлайн-дәрісханада ғылыми-тәжірибелік экспериментті ұйымдастыру мәселесі қарастырылды

 

2023 жылғы 6 сәуірде Ғылым онкүндігі аясында Педагогика және психология институты кезекті онлайн-дәрісхана ұйымдастырды, онда педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Амина Әмірова «Ғылыми-тәжірибелік экспериментті жобалау» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.


Профессор Амина Әмірова ғылыми-тәжірибелік экспериментті жобалау мәселесіне жүйелі көзқарас беруге және бастауыш білім берудегі зерттеулер мысалында эксперименттің барлық түрлерінің міндеттерін кешенді шешуге назар аударды. Презентациялық материалда зерттеу критерийлеріне сәйкес диагностикалық құралдарды кезең-кезеңімен енгізу ұсынылды және қатысушылардың қызығушылығын тудырған деректерді сапалы және сандық өңдеу егжей-тегжейлі сипатталды. Дәріс тақырыбы докторанттардың ғана емес, көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудырды.

 

Қорытындылай келе, Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләловтың атынан Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева алғыс сөздерін жеткізіп, Алғыс хат табыстады. Дәріске Педагогика және психология институтының тек докторанттары, профессор-оқытушылар құрамы ғана емес, сонымен қатар еліміздің басқа да жоғары оқу орындары Қарағанды ​​және Оңтүстік Қазақстан университеттерінің жетекші ғалымдары келгені айтылды.

 

Институт директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары М.А. Абсатова ағымдағы оқу жылындағы онлайн-дәрісхананың жұмысы аяқталып, келесі оқу жылында жалғасатынын атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=