қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.04.2023

Абай университетінің студенттері республикалық турнирдің кубогын жеңіп алды

 

2023 жылғы 1-2 сәуірде университетіміздің «Атамекен» пікірсайыс клубының студенттері Нархоз университетінде өткен ТЭО CUP XII дәстүрлі республикалық пікірсайыс турниріне қатысып, оқ бойы озық шығып, жүлделі I орынға ие болды.

 

Турнир нәтижесі бойынша бірінші орынды университетіміздің Тарих және құқық институтының студенттері Руслан Абдыгалиев және Ассанали Абдилла иеленсе, «Үздік талпыныс» номинациясына да университет студенттері жүделі орынға ие болды.

 

Осылайша, «Атамекен» зияткерлік пікірсайыс клубы Абай университетінің беделін асқақтатып, мерейін үстем етті.

 

Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

 

  alt=  

 

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

«Атамекен» ИПК